Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы 45 пайызға қымбаттайды
- author «Ақ жол»
- 18 қыркүйек, 2015
- 209
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы 45 пайызға қымбаттайды. Себебі дәріхана қоймаларына жаңадан келіп түсетін өнімдер халықаралық валюталардың қазіргі бағамы бойынша сатылады деп хабарлайды Алматы арнасы.
Осы орайда арнайы меморандумда көрсетіліп, құны қымбаттамайды деген 200 медициналық өнімнің бағасына да өзгерістер енуі мүмкін. Ол тізімдегі бірқатар дәрілер шетелдік фирмаларға тиесілі екен.
Жыл соңына дейін елімізге шеттен келетін дәрі-дәрмек қымбаттауы мүмкін. Биыл бағаны өсірмеу туралы меморандумға қол қойылса да, құнды қалыпта ұстау мүмкін болмауда. Өйткені доллардың шарықтауымен, шетелдік фирмалар өнімдеріне жаңа баға қойыпты. Ал дәрі-дәрмек саудасымен айналысатын кәсіпкерлер шығынға батпау үшін медициналық өнімдердің құнын өсіреді.
«Көптеген дәрі-дәрмекті шет елден аламыз және оны доллармен сатып аламыз. Сондықтан әлбетте біз оларды қымбаттатуға мәжбүрміз. Бұрын алынған дәрілер әзірге ескі бағада сатылуда. Бірақ, 1-2 аптада елімізге жаңадан дәрі-дәрмек келіп түседі. Олардың бағасы қымбат болады», – деді Алматы қаласы фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті Зүрият Сыбанқұлова.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 30 наурызында ДСӘДМ мен фармацевтикалық қауымдастықтарының басшылары дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 200 атауларына бағасын ұстап тұру бойынша Меморандумға қол қойылған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Медицина саласы серпінді дамуда
- 14 қаңтар, 2025
Метапневмовирус қаншалықты қауіпті, облыстағы жағдай қандай?
- 14 қаңтар, 2025
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді