АИ-92 бензинінің бағасы күрт қымбаттауы күтілмейді, баға кенет шарықтап кетпейді. Бұл туралы Атырауда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен кеңес барысында «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ төрағасы Сауат Мыңбаев хабарлады.
«Егер 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап санайтын болсақ, ҚМГ ел ішінде қайта өңдеуге 7 млн тонна мұнай жіберген болатын, ал жалпы қайта өңделген мұнай көлемі 15 млн тонна. Алайда бұл лекті жанармайға деген шекті баға тежеген болатын. Еркін баға қалыптасуы көбірек мұнайды қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл дизель отыны мен бензиннің көлемін арттырады. Сондықтан, үкіметтің АИ-92 бензинінің бағасын еркін ағымға жіберуі дұрыс шешім болған деп есептейміз”, – деді Мыңбаев.
Сөз барысында төраға Ресейдегі ахуал туралы да атап өтті.
“Бұдан бөлек тағы бір фактор бар. Біз Ресейден 1 млн тонна бензин кіргіземіз. Ал ол елде бензин бағасы күн сайын өзгеріп тұр. Осы жағдайда біздің елде бензин бағасы бұрынғы қалпында қалғанында, бензиніміздің бір бөлігі елдің солтүстік аймақтары арқылы қайтадан Ресейге асатын еді. Ал қазіргі жағдайда бензин бағасы кенет шарықтап кетпейді», – деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




