Қарағанды облысында оқушының орнына робот мектепке барып жүр, деп хабарлайды nv.kz.
Тірек-қимыл жүйесінде ақауы бар балаларға арналған облыстық мектеп-интернатта «Аватар» роботының таныстырылымы өтті. Ол оқушылардың виртуалды түрде сабақтарға қатысуына көмектесіп, олардың мұғалімдермен және сыныптастарымен сөйлесулеріне мүмкіндік береді. Оның қызметін мекеме тәрбиленушілерінің бірі Руслан Жалаев қолдана бастады.
Ол жеті жылдан бері сабақты үйінен оқып жүр, дегенмен үйден білім алу оның республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатысуына кедергі болмаған. Роботты басқару Руслан үшін қиындық тудырмады, себебі ол информатикаға әрдайым қызығады. Енді ол сыныптастарымен сөйлесіп қана қоймай, мектептегі шараларға да «қатыса» алады.
«Мен білім алғанды жақсы көрем, енді ол тіпті оңай. Қоңырауда өзге оқушылармен сөйлесіп, мектептің ішін аралай аламын. Монитордан барлығы көрініп тұрады және менің дауысым барлығына естіледі», - дейді Руслан Жалаев.
«Аватар» роботы екі бастырма арқылы басқарылады. Оның камерасы, микрофоны бар, олар арқылы дыбыс пен бейне оқушының компьютеріне келіп түседі. Ал үлкен экранның көмегімен мұғалімдер мен оқушылар Русланды көре алады. Роботтың дөңгелегі бар, сондықтан аса биік емес жерлерден оңай өтіп кете алады. Ең бастысы «Аватар» жүрген бөлмеде сымсыз интернет болуы керек.
Роботтың құны 2 миллион теңгеден асады. Егер бұл жоба сәтті деп танылса, облыстық білім басқармасы тағы біреуін алуды жоспарлап отыр, деп жазады massaget.kz.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




