Сарапшы азаматтарды доллар деп жылай бермей, теңгені қолдауға шақырды
- author «Ақ жол»
- 17 қыркүйек, 2015
- 656
Қазақ халқы теңгені қолдауы қажет. Бұл туралы «Алматы» телеарнасы «Іскерлер уақыты» бағдарламасында Қазақстан инвесторлар альянсының президенті Азаматхан Әміртаев мәлімдеді.
«Азаматтарда патриоттық сезім болу керек. Теңге – біздің ұлттық валютамыз. Сондықтан оны қолдауымыз қажет. Мәскеуде рубль құлдыраса, халқының жылап жатқанын көрмейсіз. Біздің қазақстандықтардың басым бөлігі ойлағандары доллар. Біз теңгені ойлауымыз керек. Сол кезде бақытты өмір сүреміз. Жалпы алғанда күнделікті өмірде теңгеге тамақ аламыз, теңгемен көлігімізге бензин құямыз», – деді Әміртаев.
Оның айтуынша, халықты тұрақтылыққа шақырған жөн.
«Дәл қазір барлығымыз ақша айырбастау пунктіне немесе банкке жүгіретін болсақ, әрине доллардың бағамы көтеріледі. Мысалы долларды алдық делік. Оны күнделікті не істейміз? Сондықтан теңгеге бет бұрған абзал. Мысалы, Ресейде ешкім доллармен сауда жасамайды», – деді Қазақстан инвесторлар альянсының президенті.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




