Денсаулық
Ұлттық банк бірыңғай валютаның қолданысқа шыққаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
- author «Ақ жол»
- 17 қыркүйек, 2015
- 816
Ұлттық банк бірыңғай валютаның қолданысқа шыққаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
Ұлттық банк Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірыңғай валютаның қолданысқа шыққаны туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды Астана арнасы.
Банк өкілдерінің айтуларынша, мұндай қауесет доллар бағамы 300 теңгеге көтерілгеннен кейін тараған.
Ал жалған ақпарды белгісіз біреулер Whatsapp желісі арқылы жіберген. Белгілі болғандай суретте ойдан шығарылған валюта үлгілері бейнеленген. Сондай-ақ, жалған ақпарат таратушылар хабарламада жұртты долларды теңгеге айырбастауға үгіттеген.
Ал Ұлттық банктегілер бірыңғай валюта шығару үшін көптеген халықаралық келісімдер жасасу қажет, қазір ондай келіссөздер жүргізіліп жатқан жоқ екенін айтып, әлеуметтік желілердегі ақпарат шындыққа жанаспайды деп қысқа қайырды.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




