Денсаулық
Қарағанды облысында зейнеткер газеттегі сөзжұмбақты шешемін деп оңбай алданып қалды
- author «Ақ жол»
- 17 қыркүйек, 2015
- 822
Қарағанды облысында зейнеткер газеттегі сөзжұмбақты шешемін деп оңбай алданып қалды
Қарағанды облысында зейнеткер газеттегі сөзжұмбақты шешемін деп оңбай алданды. 3 миллион теңге ұттыңыз деп сүйінші сұраған басылым көктемнен бері қарияның басын айналдырып, қалтасын қағыпты деп хабарлайды КТК арнасы.
Тайтөлеу Жылқыбайұлы өзін 5 айдан бері 3 млн теңгенің иегері есептеп келген. Байқау шартындағы сөзжұмбаққа жасырылған Ресейдің 7 қаласының атын қария бірден тауып, құпия торларды бар болғаны 20 минутта толтырып шығыпты.
«Жеңімпаз атандыңыз, сыйлығыңызға жету үшін ұсақ-түйек заттарды пошта арқылы сатып алыңыз» деген шарт қойған. Мақтауын асырып, күн құрғатпай хабарласып, әбден есін алған екен.
Бақыттан басы айналған қария зейнетақыдан жырымдап жүріп, 20 рет сауда-саттық жасапты. Осылайша, 30 мың теңгесін аударып жіберіп, жер сипап қалған.
“Хат келді. Сіз жеңімпаздардың ішінде жоқсыз деп. «Ей, телеграммаларың қайда, кілттерің қайда? Бұларың не?» десем, трубканы тастай салды. Халқыма, еліме айтарым, мұндайлардың алдауына түспеңдер, ешқандай ақша аудармаңдар деп. Тіпті, осыны шығарып отырған газет редакторларына кінә тағам мен”, – дейді зейнеткер Тайтөлеу Жылқыбайұлы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




