Ұлттық банк теңге бағамын тұрақтандыру шешімін қабылдады
- author «Ақ жол»
- 17 қыркүйек, 2015
- 766
Қазақстанның Ұлттық банкі 2015 жылдың 16 қыркүйегінде ішкі валюталық нарықтағы жағдайды тұрақтандыру үшін валюталық өктемдік (интервенция) жасау шешімін қабылдады деп хабарлайды NUR.KZ
Теңгенің айырбастау бағамы іргелі ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторлар негізінде қалыптастырылғандығы бірнеше рет мәлімделген еді.
Бұл тұрғыда Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамының деңгейін анықтауға араласпайды, алайда елде қаржылық жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ету керек болған жағдайда валюталық өктемділік (интервенция) жасау арқылы ішкі валюталық нарыққа қатысу мүмкіндігін пайдалана алады.
Фундаментальді макроэкономикалық факторлардың айтарлықтай өзгеруі орын алмаса да валюталық нарықтағы алыпсатарлардың әсерінен теңгенің айырбас бағамының жиі құбылуына байланысты Қазақстанның Ұлттық банкі 2015 жылдың 16 қыркүйегінде ішкі валюталық нарықтағы жағдайды тұрақтандыру үшін валюталық өктемділік (интервенция) жасау шешімін қабылдады.
Ұлттық банктің валюталық өткемділік (интервенция) көлемі 2015 жылдың 16 қыркүйегінде 144 млн АҚШ долларын құраған.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




