Facebook “Ұнамайды” опциясын шығармақ
Facebook әлеуметтік желісінде “Ұнамайды” деген жаңа опция пайда болуы мүмкін. Бұл туралы Facebook-тің Калифорниядағы штаб-пәтерінде өткен конференцияда компанияның негізін салушы Марк Цукерберг хабарлады.
Ол компания кейбір қолданушылардың мұндай опция шығура туралы өтінішін ескеріп, оны дайындап жатқанын айтады.
Цукербергтің сөзінше, Facebook-тегі кейбір жазбаларға, мысалы қайғылы оқиғаларға “Ұнайды” опциясын басу ыңғайсыз. Бірақ ол “Ұнамайды” опциясы басқа адамдардың жазбасына “қарсы дауыс беру” функциясына ұқсамайтынын айтады.
Цукерберг жаңа опция таяуда сынақтан өтеді дейді.
Facebook таяуда бір айдағы қолданушылар саны 1,5 миллиард адамнан асып, әлемдегі ең ірі әлеуметтік желіге айналғанын хабарлаған.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




