Арал теңізінің орнында қалың орман пайда болады, - деп хабарлайды National Geographic.
Басылымның мәлеметінше, Өзбекстан үкіметі Арал теңізі апатының салдарын жою үшін алдағы үш жылда 4,3 миллиард доллар бөлуді жоспарлап отыр. Мұның 300 миллион доллары жергілікті халықты жұмыспен қамтуға жұмсалса, 400 миллион доллар денсаулық саласына арналған бағдарламаларға бөлінеді. Ал қаражаттың негізгі бөлігі, яғни 1,5 миллиард доллар биоалуантүрлілікті қайта қалпына келтіруге жұмсалады.
Өзбекстанның Қоршаған ортаны қорғау комитеті аумақты көгалдандыруға арналған жоба дайындады. Жоспар бойынша, Арал теңізінің орнына 2030 жылға дейін 1 миллион гектар ағаш отырғызылады. Жылына 40-50 мың гектар аумақ жасыл алаңға айналады. Gismeteo хабарлауынша, жоба осы аумақта тұратын халықты зиянды тұздардың әсерінен қорғау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Арал теңізі - Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасында орналасқан тұзды көл. Көлемі жағынан әлемде төртінші орындағы теңіз өзен арналарының тартылуы салдарынан құрғап кетті. Қазір теңіздің орнында кішігірім көл ғана қалды.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




