Танымал заңгер азаматтардың төлқұжатына рудың атын жазуды ұсынды
- author «Ақ жол»
- 15 қыркүйек, 2015
- 331
«Белгілі заңгер Жангелді Сүлеймен төлқұжатқа рудың атын жазуды ұсынды, – деп хабарлайды Kazpravda.kz сайты белсендінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
«Біз бәріміз өз руымызды жоғары бағалап, оны мақтаныш тұтамыз. Сондықтан да әркім өз қалауымен құжатына руының атын жаздыруына болады. Меніңше, мұндай құжат әркімге қызықты көрінері сөзсіз», – дейді Жангелді Сүлеймен.
Сондай-ақ, заңгер: «Менің бұл ұсынысымды жүзеге асыруға мүмкіндік аз шығар. Сонда да рулардың атын құжатқа енгізудің заңдық тетіктерін қарастыруымыз керек», – деп түйеді өз ойын.
Жангелді Сүлеймен рулардың көп болуын халқымыздың байлығы деп санайды. Сондықтан да осы ерекше жүйені сақтап қалу керек екенін тілге тиек етеді. Оның пікірінше, бұл мәселеде еліміз АҚШ-қа ұқсайды-мыс. Өйткені, американдықтардың әрқайсысының өз ұлты (мәселен, итальян, француз, еврей, қазақ, орыс, т.б) бар. Қазақ мемлекеттілігі де осыдан 550 жыл бұрын ХІҮ-ХҮ ғасырларда рулардың (?) бірлесуінен пайда болған.
“Белгілі заңгер ұлт пен руды неге шатастырып, бізді АҚШ-пен салыстырып отыр. Сонда заңгердің ойынша найман, албан, қоңырат, адай, беріш, т.б дегендер жеке ұлт болғаны ғой. Бұлай бір қазақты мың бөлудің астарында не жатыр? Түсініксіз. Қазақтың бірлігіне сына қаққысы келетіндер ұлтымыздың намысына тию үшін рушылдықты қоздырып, қазақтың әлсіз жеріне жармасқысы келетіні бар еді. Бұл да соның бір мысалы болмағай”, – деп жазады Abai.kz порталы.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді