Таразға жол тартты
Қазақ хандығы кезеңі – ат жалында күн кешкен алаш жұртының қаһармандық дәуірі. Сол себепті де торқалы той – бабалар рухына тағзым етіп, тағдырдың алуан қиындықтарынан өткен ата тарихынан тағылым алу үшін өткізілуде. Иә, тамыры тереңде жатқан күнді айрықша сипатта атап өту қазақ мемлекетінің 550 жылдық тарихын тағы да таразылап, сан ғасырлық санамызды жаңғырта түсері хақ. Осы той аясында республикамызда түрлі шаралар жалғасын табуда. Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған мотошеру де – соның бір көрінісі. Аталған шара Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға, қоғамды тәуелсіздік, тұрақтылық, бейбітшілік және келісімге негізделген басты құндылықтар төңірегіне топтастыруға, мерекелік іс-шараларға еліміздің барлық азаматтарын тартуға септігін тигізбек.
Осы ретте облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы бұл шаралардың басы-қасында жүрмек. – Елдік тойымыздың құрметіне шыққан мотобайкерлерді қаламызда қарсы алу, оларға тарихи маңызы бар жерлерді аралату, жастармен кездесу ұйымдастыру біздің, яғни облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасына жүктеліп отыр. Бүгінгі таңда басқарма тарапынан дайындық жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, байкерлердің тізімі жасақталып, қандай тарихи орындарға баратындығы, қандай іс-шаралар өтетіндігі пысықталу үстінде, – дейді облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Еркебұлан Құралбаев. 29 тамызда Алматы қаласында бастау алған байкерлердің мотошеруін «Қазақстан географиялық қоғамының» президенті, әлемге танымал саяхатшы Д.И.Петрухиннің бастамасымен Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырып отыр. Шараның мақсаты – Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын еліміздің барлық аймақтарында жалпы ұлттық деңгейде атап өтуді насихаттау болып табылады. Алматы қаласынан шыққан мотошерушілер 11 қыркүйекте негізгі мерейтойлық шаралар өткен Астана қаласына келген болатын. Енді олар 9 қазан күні мерейтойлық шаралар жалғасатын тасын түртсең тарихтан сыр шертетін шаһарымызға табан тіремек. Мотошеру жол бойы Қарағанды, Өскемен, Семей, Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Актөбе, Арал, Байқоңыр, Қызылорда, Түркістан, Шымкент және тағы басқа қалаларда болады. Мотошерушілер әрбір аймақтың басшыларына Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған логотип бейнеленген туды табыстап, кездесулер өткізіп, Қазақстан тарихында маңызы зор тарихи жерлерге барады. Шеру шамамен 40 күнге созылмақ. Шеру Қазақстанның көптеген өңірлерін қамтитындықтан халық ең көп қатысатын ауқымды шаралардың біріне айналады деп күтілуде.
Наурызбек САРША, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді