Алматыда балаларын балконнан лақтырып жіберген әйел қамауға алынды
- author «Ақ жол»
- 14 қыркүйек, 2015
- 750
33 жастағы Алматы тұрғыны Жадыра Көкенай екі кәмелетке толмаған баласын 5 қабаттан лақтырып жібергені үшін қамауға алынды деп мәлімдеді Алматы қаласы сотының баспасөз қызметі басшысы Қуандық Ешмет.
«Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 сотына 1982 жылы туылған Құлмамырова Жадыраға қатысты қылмыстық істің материалдары келіп түсті. Күдікті 24 бап – “Қылмыс жасауға қамдану және қылмыс жасау әрекеті” мен 99 бап – “Адам өлтіру” бойынша айыпталуда», – делінген хабарламада.
Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, 5 қыркүйекте өз пәтерінде болған күдікті өзінің кәмелетке толмаған балаларын қасақана өлтіру ниетімен және кейін өзіне қол салу ойымен 2007, 2014 жылғы екі баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберіп, артынша өзі секірген.
«Биіктіктен құлау салдарынан, 2007 жылғы Көкенай А. оқиға орнында көз жұмды. Ал 2014 жылғы Көкенай Х. мен күдікті Құлмамырова Ж. ауыр жарақаттармен емханаға жеткізілді. 12 қыркүйекте аудандық сот күдіктіні тексеру барысында, оны 2 айға қамауға алу шешімін шығарды», – делінген сот хабарламасында. Шешім заңды күшіне енген.
Еске салсақ, 5 қыркүйекте Алматыда әйел 5 қабаттан екі баласын лақтырып, артынша өзі де секірген болатын. Психолог маман әйелдің психологиялық сырқатқа шалдыққан болуы мүмкін екенін мәлімдеген еді.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




