Оңтүстік Қазақстанда 16 жастағы қыз бен зейнеткер жыныстық қатынас салдарынан ЖИТС жұқтырды
- author «Ақ жол»
- 11 қыркүйек, 2015
- 948
Оңтүстік Қазақстан облысында 60 жастағы ер адам ретсіз жыныстық қатынастың салдарынан ЖИТС жұқтырды. Зейнеткер бұл өңірдегі осы ауруға шалдыққандардың арасында ең егде жастағы адам болып тұр, - деп хабарлайды TVK телеарнасы.
"Зейнеткерлік жастағылардың арасында бір адамнан ЖИТС-инфекциясы анықталды. Ол адам мен оның туыстарынан жауап алынған кезде ер адамның белсенді түрде жыныстық қатынасқа түскені расталды. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де, зейнетақысын алғаннан кейін де ол бірнеше күнге жоғалып кетіп отырған", - деді Оңтүстік Қазақстан облыстық СПИД-ке қарсы күрес орталығы басшысының міндетін атқарушы Қожахмет Мәшіров.
Бұл дертке шалдыққандардың арасындағы ең жас адам, соңғы мәліметтер бойынша, тұңғыш рет 16 жастағы қыз болып шықты. Телеарнаның мәліметінше, ЖИТС-ті әлеуметтік топтар көптеп таратады. Бұрын бұл дертті нашақорлар, жезөкшелер таратса, қазір ЖИТС ерлерден, әйелдерден, қариялардан, тіпті балалардан да табылып жатыр. Айта кетейік, өткен жылы ЖИТС-инфекциясы Қызылордада 77 жастағы зейнеткерден табылды. Дәрігерлердің айтуынша, ол дертті жыныстық жолмен азаматтық некедегі жас келіншегінен жұқтырған.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




