Өзге өңірден келетін көліктер енді Алматыға кірмейді
- author «Ақ жол»
- 11 қыркүйек, 2015
- 312
Өзге өңірден келетін көліктер енді Алматыға кірмейді. Темір тұлпарлар қаланың үш қапталынан салынатын арнайы тұраққа қойылады деп хабарлайды Алматы арнасы.
Бұл – күні кеше бекітілген Алматы қаласының бас жоспарындағы басты мәселенің бірі. Мамандар бұл жобаға қазірден бастап көлік кептелісі мен жол апаттарын азайтатын іс деп баға беруде.
Алматының бас ауруына айналған басты мәселе – көлік кептелісін қайткенде шешу. Енді өзге өңірден келген көліктер Алматыға кірмейді. Жұрт темір тұлпарларын арнайы тұрақтарға тастап кетеді
«Өздеріңіз білесіздер, қалада көлік көп, оған басқа елді мекендерден келетін машиналар қосылады. Соған байланысты қалада көлікті қою мәселесі шиеленісіп тұр. Сондықтан біз қалаға үш кіреберіс жағынан автовокзалдар салу жөнінде жерлерді дайындадық. Сол автовокзалдардың қасында әрқайсында 5000 орынға автотұрақ болады», – деді Алматы сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының бірінші орынбасары Жанат Айтілеу.
Аталған автобекеттер қалаға батыстан кіретін Бішкек бағытындағы күрежол мен шығыстағы Құлжа даңғылы бойында, сонымен қатар солтүстіктен Қапшағай тас жолында салынады.
Жеке көліктерін тұраққа тастайтын жүргізушілерді сыйымды автобустар мен арнайы тартылатын трамвайлар тасымалдайтын болады. Жаңалыққа жұрттың қояр талабы бар.
«Қала шетінен автотұрақтар салсақ, көлік кептелісі азаяр еді. Жол апаттары да болмас деп ойлаймын. Бірақ біз көлігімізді тастап кетсек қала ішіне тасымалдайтын автобустар мен трамвайлар тегін болуы керек. Осыны ескерсін», – деп ұсыныс білдірді қала тұрғыны Рашид Чалов.
Қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасы бұдан былай салынатын көпқабатты үйлер мен сауда ошақтарының өздерінде автотұрақ болуын қадағалайды.
Бұл талай жыл түйіні тарқалмай келе жатқан мәселенің шешілер уақыты таяу деген сөз.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді