Алдағы демалыста республиканың басым аумағында күн суытады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Синоптиктер 12-14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жария етті.
Синоптиктердің мәліметінше, демалыс күндері республикамыздың басым аумағында ауа температурасы климаттық нормадан 2-4 градусқа дейін төмендейді.
"Ресейдің Еуропа аумағының солтүстік-батысынан ауысқан суық атмосфералық фронттар Қазақстанның солтүстік және батыс облыстарына жаңбыр, кей жерлеріне нөсер алып келді. Олардың республика аумағы арқылы шығысқа ауысуына байланысты, жаңбыр солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында күтіліп отыр. Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарында нөсер болуы мүмкін. 30 градустық ыстықтан кейін жақын арадағы тәулікте солтүстікте және орталықта, жексенбі күні шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ауа температурасының 10-15 градусқа дейін төмендеуі күтіледі", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, батыстағы облыстарда күн суытқаннан кейін және алдағы тәуліктерде жаңбыр жауғаннан кейін ауа райы жауын-шашынсыз болады және ауа температурасы көтеріледі деген болжам бар.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




