«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Назарбаев сепаратистік әрекеттерді доғаруға шақырды

Назарбаев сепаратистік әрекеттерді доғаруға шақырды
ашық дереккөз
Назарбаев сепаратистік әрекеттерді доғаруға шақырды

photo_20551Астанада Түркі тілдес мемлекеттер кеңесінің бесінші саммиті өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Саммитті өткізу Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлаумен қатар келіп отыр.

"Кеңес құрылғаннан бері мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық жүйеге келді. IV саммитте біз түркі әлемінің концепциясын құру туралы сөйлестік, бұл концепцияны түрік академиясы дайындау керек болған. Біз осы құжатты тезірек дайындап, оны қабылдауымыз керек", - деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

"Әлемдегі геосаяси және геоэкономикалық өзгерістер түркі әлеміне әсер етіп жатқанын білеміз. Біз Палестина мен Израиль арасындағы жанжал бейбіт жолмен шешілгенін қалаймыз. Менің ойымша, Ауғанстанды қалпына келтіру де бейбіт жолмен шешілу керек. Себебі біз бір аймақта орналасқанбыз. Сондықтан да сепаратистік, лаңкестік және экстремистік ұйымдардың әрекеттерін тоқтату қажет. Өткен жылы мен АӨСШК кезінде Азия ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымын құруды ұсынған едім. Осы аймақтардағы тұрақтылықты дамытуда бұл жобаның маңызы зор", - деді Назарбаев.

Ол атом энергетикасын пайдаланудың маңыздылығын тағы бір мәрте айтып өтті.

"2017 жылы EXPO көрмесін өткізетінімізді тағы да айтқым келеді және біз үшін "Болашақтың энергиясы" тақырыбы өте маңызды. Мен түркі тілдес мемлекеттер бұған қатысады деп ойлаймын. Болашақта арзан атом энергиясына сұраныс жоғары болады. Бізге ядролық энергетиканы дамыту керек. Мұнай бағасы арзандап кетті, экономикалық жағдай шиеленісті, сондықтан да EXPO біз үшін өте маңызды", - деді Қазақстан Президенті.

Айта кетейік, Түркі тілдес мемлекеттер кеңесінің IV саммиті 2014 жылы Түркияның Бодрум қаласында өткен болатын.

Ұқсас жаңалықтар