Доллар бағамы 11 қыркүйектегі KASE күндізгі сессиясында 258,48 теңгеге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл рекордты көрсеткіш. Еске сала кетейік, 10 қыркүйек күнгі KASE кешкі сессиясында доллар бағамы 255,38 теңгеге дейін өскен болатын.
Саудаға валюта нарығының 25 мүшесі қатысты. Бірінші сауда 254,5 теңгемен жасалды. Ең жоғарғы баға - 268 теңге, ал ең төменгісі - 254. Сауданың жалпы көлемі 74,9 миллион доллардан асты. Ақша айырбастау орындары сағат 15.40-тағы жағдай бойынша, валютаны 267 теңгемен сатуды бастады. Осы уақытта Қазком мен Qazaq Banki сайтында долларды сату бағамы 270 теңгеден асты. AsiaCredit Bank долларды 268 теңгеге сатып алуды ұсынып отыр. Центкредит - 266. Еуразиялық банк 261,4 теңге бағамын қойды.
Еске сала кетейік, бұған дейін доллар бағамына түсінік берген Ұлттық банктің өкілдері банктің валюта нарығындағы жағдайға араласпағанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, шетел валютасы үшін ең қолайлы баға 240 теңге шамасында.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




