Б. Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды
- author «Ақ жол»
- 11 қыркүйек, 2015
- 322
Мемлекет басшысының Жарлығымен Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұл жөнінде Ақорданың twitter-дегі жазбасында мәлім болды.
Бердiбек Мәшбекұлы Сапарбаев – 1953 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1977 жылы жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын «Экономика және материалдық-техникалық жабдықтау» мамандығы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының докторы, профессор.
Еңбек жолын 1969-1971 жылдары Қызылорда облысының Задарьинский совхозының жұмысшысы болып бастады; 1971-1973 жылдары әскери қызметін өткерді; 1977 жылы институтты бітірісімен Республикалық мемлекеттік еңбек жинақтау кассалары (гострудсберкассы) басқармасында экономист; 1977-1988 жылдары ҚазСРО Қаржыминінде экономист, аға экономист, жетекші, бас экономист, бөлім бастығының орынбасары; жоспарлау-қаржы басқармасының бастығы, Бас экономика басқармасының бастығы; 1988-1993 жылдары Қазақстан Республикасы Білім министрінің орынбасары; 1993 жылдары Президент Аппараты Бөлімі мен Қазақстан Республикасы Министрлері кабинеті меңгерушісінің орынбасары; 1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Министрлері кабинетінің Істер басқармасының Қаржы, еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімі меңгерушісінің орынбасары және меңгерушісі; 1995 жылы Қазақстан Республикасы Министрлері кабинеті Аппаратының басшысы; 1995-1999 жылдары Қызылорда облысының әкімі; 1999-2002 жылдары Оңтүстік-Қазақстан облысының әкімі қызметтерін атқарды; 2002-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Вице-Министрі - Кедендік бақылау комитетінің төрағасы; 2006 - 2007 жылдары Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Үкіметтің Өкілі; 2007 жылдың 9 ақпанынан 2007 жылдың 27 тамызына дейін Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау Вице-министрі; 2007 жылдан Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі; 2009 жылғы 4 наурыздан бастап Шығыс Қазақстан облысының әкімі. 2014 жылдың 1 қарашасынан бастап, ҚР Премьер-министрінің орынбасары болды.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді