Денсаулық
Діни басқарма биылғы Құрбан айт мейрамын жоғары деңгейде, ұлттық нақышта атап өтпек
- author «Ақ жол»
- 11 қыркүйек, 2015
- 815
Діни басқарма биылғы Құрбан айт мейрамын жоғары деңгейде, ұлттық нақышта атап өтпек
Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айт мейрамын жоғары деңгейде, ұлттық нақышта атап өтеді деп хабарлайды ҚМДБ Баспасөз қызметі.
Бас мүфи Ержан қажы Малғажыұлы облыс, қала, аудан, ауыл имамдарына жолдаған ресми хатта мешіт аулаларына киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойын түрлерінен арнайы жарыстар өткізу, құрбандық еттерін мұқтаж жандарға үлестіру, қайырымдылық акциялар ұйымдастыру, т.б. шараларды жүзеге асыру қажеттігі айтылды.
Сонымен биыл еліміздің мұсылман қауымы Құрбан айтты 24 қыркүйекте тойлайды. Айта кетсек, бұл күні халқымыз Құрбан айттың құрметіне бір күн демалады.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




