Назарбаев: Бүгінгі той батыр бабаларымыздың биік рухына тағзым ету үшін өткізіліп отыр
- author «Ақ жол»
- 11 қыркүйек, 2015
- 820
Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиында Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі тойдың батыр бабаларымыздың биік рухына тағзым ету үшін өткізіліп отырғанын айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы сөз басында Қазақ хандығының 550 жылдығына жиналған барша қауымды бүгінгі торқалы тоймен шын жүректен құттықтады.
«Қазіргі бүкіл әлемді дағдарыс жайлап, дамыған елдердің өзі үлкен экономикалық күйзеліске ұшыраған мына алмағайып заманда алыс-жақын ағайынның басын қосып, Қазақ хандығының 550 жылдық ұлан-асыр тойын өткізудің өзінің ерекше себептері бар. Бүгін той ең алдымен батыр бабаларымыздың биік рухына тағзым етіп, ата тарихтан тағылым алу үшін өткізіліп отыр», – деді елбасы.
Айта кетейік, салтанатты жиынға Қазақстан Президентімен қатар Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев, Түркия мен Түркіменстан мемлекеттерінің уәкілдері қатысуда.
Сондай-ақ шараға халықаралық қауымдастық өкілдері, Парламент депутаттары, мемлекеттік орган басшылары, мәдениет және өнер қайраткерлері, зиялы қауым, отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жиналды.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




