Алматыда тағы 4 бірдей метро пойызы пайда болуы мүмкін. Қаланың дамуына қатысты жиын барысында бұл мәселенің жақын арада шешілетіні туралы айтылды.
Осыдан 4 жылдай бұрын алғашқы желісі пайдалануға берілген метромен қатынайтын жолаушылар саны қазір әлдеқайда өскен. «Мәскеу» және «Сайран» бекеттері ашылғаннан кейін, тәулігіне жерасты жүрдек пойыздарымен қатынайтын адам саны 40 мыңға жетті.
Ал бұрын күніне 25 мыңға жуық адам тасымалданған екен. Қазір қалада 7 метро бекеті бар. Болжам бойынша, биыл экологиялық тұрғыдан таза саналатын жерасты көлігінен келетін жылдық табыс көлемі 40 пайызға өспек. Яғни, биылғы кіріс 700 миллион теңгеге жуық қаржыны құрауы мүмкін.
“Жаңа метро пойыздарын алуға байланысты құжаттар инвестиция және даму министрлігіне жіберілді. Бұл мәселені еліміздің қаржы министрлігі де қарап жатыр. Енді ұсыныс бюджет комиссиясының қыркүйек айындағы отырысында талқыланбақ”, – деді «Метрополитен» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Айдын Оразханов КТК арнасына.
Ұқсас жаңалықтар
Медицина саласы серпінді дамуда
- 14 қаңтар, 2025
Метапневмовирус қаншалықты қауіпті, облыстағы жағдай қандай?
- 14 қаңтар, 2025
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді