Бүгін елімізде Қазақ хандығының 550 жылдығы атап өтіледі
- author «Ақ жол»
- 11 қыркүйек, 2015
- 652
Бүгін барша қазақстандықтар Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлайды. Астанадан бастау алатын салтанатты шара 11-13 қыркүйек күндері аралығында жалғаспақ.
Мерейтойдың салтанатты ашылуы сағат 11.00-де Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен орын алады. Айтулы жиынға қоғам қайраткерлері, үкімет мүшелері мен Парламент депутаттары, тарихшылар және БАҚ өкілдері қатысады деп күтілуде.
Сонымен қатар, «Қазақ Елі» алаңында 50 киіз үй тігіліп, екі үлкен сахна, спорт алаңдары, алтыбақандар, тайқазан және т.б. орнатылды. Мерекелік шараны шамамен 10 мыңнан астам адам қатысады деп жоспарланған деп хабарлайды “Қазақпарат”.
Ұйымдастырушылар қала тұрғындары мен қонақтарының назарына қызықты ойын-сауық және концерттік бағдарлама ұсынады. Еліміздің әр өңірі үздік хореографиялық ұжымдардың, ансамбльдердің, халық және эстрада өнерінің солистерінің қатысуымен өтетін концерттік бағдарламадан басқа, көрермендер назарына «Қазақстанның ежелгі қалалары» бейнепрезентациясын, «Қазақ ұлттық киімінің тарихы арқылы халық тарихын жеткізу» атты сән фестивалін, «Сиқырлы би әлемі» би фестивалін, «Бірлігіміз жарасқан» атты Қазақстан халқы достығы концертін, «Ғасырлар үні» этно-концерті ұсынылады. Бұдан басқа, этноауылда жетім балаларға арналған экскурсия және астаналық дарынды жастардың қатысуымен концерт өткізіледі.
Аталмыш шарада қазақ күресі, арқан тарту, тоғыз құмалақ, бұқа тартыс, арқан тартыс, асық ату сынды ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады. Мерекелік шаралар бағдарламасына сәндік-қолданбалы өнер көрме-жәрмеңкелері, халық шеберлерінің шеберлік дәрістері енгізілді.
Барлық облыстардың ұлттық киім киген өкілдерінің шеруі үш күнге жалғасатын мерекенің көркін келтірмек. Шара 12 қыркүйекте сағат 10.00-де «Қазақ Елі» монументінің алдындағы алаңда өтпекші. Осы күні сағат 19.00-де өңірлердің ең үздік номерлері гала-концертте көрермендер назарына ұсынылады.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




