Ауыр атлет Рүстем Сыбай Азия чемпионы атанды
Қазақстандық ауыр атлет Рүстем Сыбай Тайландтағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп жазды sports.kz.
Екі дүркін олимпиада чемпионы Ильи Ильиннің шәкірті – Рүстем Сыбай қоссайыста 383 (167+216) келіні көтеріп, 94 килограмм салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Екінші орынға оңтүстіккореялық Джунг Хен Сеоп ие болды. Ол 376 килограммды көтерді. Ал ирандық Хашеми Али үздік үштікті тұйықтады.
Енді Қазақстан құрамасының қоржынында үш алтын бар. Осыған дейін Айдар Қазов пен Ермек Өміртай чемпион атанған. Фаина Сиванбаева, Асем Садықова мен Майра Файзуллаева ел қоржынын үш қола медальмен толықтырды.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




