
Бергер жетекшілік еткен экспедиция кезінде Йоханнесбург маңынан 15 адамның денесі табылды. Ғалымдар жаңа түрді таптық деген болжамға келіп отыр. Адамның жаңа түріне Homo naledi деген ат берілді. Бұл түрге жататын адамдардың бойы 1,5 метрден, ал салмағы 45 келіден аспаған. Homo naledi-дің жамбас сүйектерінің орналасуы аустралопитек Люсиге ұқсас, дегенмен иықтары тауда жүруге ыңғайлы болу үшін жақсы жетілген. Жаңа түрдің аяқтары адамдардың аяғына ұқсас. Бас сүйегі ертедегі адамдарға келгенмен, миының көлемі кішірек - апельсиннің көлеміндей.
Денелердің көмілгені ғалымдарды таңғалдырды. Олар тек Homo sapiens қана адам өлгеннен кейін оны жерге көмеді деп ойлаған. "Біз бұған дейін жануарға қарағанда есті, ерекше түр туралы ойлаған едік", - деді Бергер.
Ғалымдар Homo naledi түріне тиесілі қалған денелерді іздеумен айналысатындарын айтты. Бергер алғашқы денелер табылған үңгірде тағы мыңдаған адамның сүйегі жатқан болуы мүмкін деген тұжырым айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




