KASE кешкі сессиясында доллар бағамы 255,38 теңгеге дейін өсті
- author «Ақ жол»
- 10 қыркүйек, 2015
- 356
10 қыркүйек күнгі KASE кешкі сессиясында доллар бағамы 255,38 теңгеге дейін өсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі биржа мәліметтеріне сілтеме жасап.
Айта кетейік, KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 253 теңге болған еді. Күндізгі сессияда тағы 1 теңгеге өсті. Келісімнің жалпы көлемі 15,9 миллион доллар болды. Саудаға валюта нарығының 14 мүшесі қатысты.
Қыркүйектің алғашқы күніндегі таңғы сессияда доллар 238,68 теңгеге тең болды. Ал кешкі сессияда ол шетел валютасы 239-242 теңге аралығындағы дәлізінен асып түсті.
Еске сала кетейік, бұған дейін доллар бағамына түсінік берген Ұлттық банктің өкілдері банктің валюта нарығындағы жағдайға араласпағанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, шетел валютасы үшін ең қолайлы баға 240 теңге шамасында.
Ұқсас жаңалықтар
Медицина саласы серпінді дамуда
- 14 қаңтар, 2025
Метапневмовирус қаншалықты қауіпті, облыстағы жағдай қандай?
- 14 қаңтар, 2025
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді