Әлемде ең дәмді тағам пісіретін дәмханалары бар қалалар анықталды
- author «Ақ жол»
- 10 қыркүйек, 2015
- 957
Дәмі тіл үйіретін тағамдар туралы жазатын Saveurs журналы жыл сайынғы Good Taste Awards айтулы жүлдесінің жеңімпаздарын атады, деп жазады 24.kz.
Биыл Жапонияның астанасы - Токио әлемдегі ең дәмді және қолжетімді асты ұсынатын қала болып танылды. Токиода тек ғана алуан түрлі жапон тағамдарын емес, итальян және француз мәзірінен де дәм татуға болады. Ал ет атаулыдан бас тартып, тек өсімдіктен жасалған тамақты тұтынушылар үшін Берлин таптырмайтын жер екен, деп жазады woman.mixnews.lv.
Сондай-ақ, әлемде Таяу Шығыстың тағамдары сәнге айналуда. Әлемдегі ең шағын мейрамхана - Италияда орналасқан AGA. Мұндағы аспаздар көкөністерді бақшадан жұлып әкеліп, бірден ас әзірлеп береді. Сөйтіп, келуші экологиялық таза өнімнен пісірілген тағам ішеді.
Қытайдың Шаосин қаласы да бұл тізімнен тыс қалмапты. Шаосиндегі дәмханалардың келушілерге ұсынатын тағамдары бірден көңілден шығып, ұмытылмас дәмімен тәнті етеді екен.
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




