ХХI ғасырда археологтар жаңа технологиялардың көмегімен көптеген тарихи сұрақтарға жауап бере алады. Мұндай пікірді National Geographic жорналына берген сұхбатында белгілі америкалық археолог Фредрик Хиберт айтты, деп жазды ТАСС.
«Оптикалық диапазондағы қашықтықты өлшейтін құрылғы археологтарға ғылымға белгісіз Гондурас және Белиз сынды көне елді мекендерді табуға мүмкіндік береді», - деп санайды ол. Георадарларды қолдану арқылы жерді қазбай-ақ өткен ғасырлардағы ескерткіштерді іздеуге болады.Осы жоба аясында Шыңғысханның қабірі іздестіріліп жатқанын айтты.
«Әзірге оны тапқан жоқпыз. Алайда анағұрлық көп аумақты тексерсек, Шыңғысхан немесе Александр Македонскийдің мазарын табу мүмкіндігі артады»,- деді археолог.
Археологтар Сианьға жақын жерде алғашқы қытай императоры Цинь Шихуандидің (б.з.д. 259 ж. - б.з.д. 210 ж.) моласы қай жерде орналасқанын біледі. Алайда оны бұзып алудан қорқып, қазбай отыр.
Сондай-ақ биыл биік жерден ғана көрінетін Наска шөліндегі алып суреттердің құпиясы ашылады деген болжам бар.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




