Жамбыл облысының басшысы Азия чемпионы Олжас Сәттібаевпен кездесті
- author «Ақ жол»
- 9 қыркүйек, 2015
- 744
Тараз. Zhambylnews - Жамбыл облысының басшысы Кәрім Көкрекбаев боксшы Олжас Сәттібаевпен кездесті. Жамбылдық боксшы Олжас Сәттібаев Таиланд астанасы Бангкокте өткен Азия чемпионатында алтын медальді еншіледі. Бокстан Азия чемпионатының ақтық сынында 52 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз өзбек спортшысы Шахобиддин Зоировтан басым түсті. Үш раунд қорытындысы бойынша қарсыластарын айқын басымдықпен ұтқан Олжас 2015 жылғы Азия чемпионы атанды.
Кездесу барысында облыс әкімі Кәрім Көкрекбаев боксшыға 2 млн. 400 мың теңге көлемінде, ал бапкеріне 300 мың теңге көлемінде ақшалай сертификат тапсырды.
Кездесу соңында аймақ басшысы спортшыға зор денсаулық, мол бақыт және толағай жеңістер тіледі.
Еске салсақ, 25 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Бангкокта өткен бокстан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар бес алтын медаль, бір күміс және бір қоламен командалық есепте көш бастады. Енді құрама Дохада 5 қазанда ашылатын Әлем чемпионатына дайындыққа кіріседі.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




