Депутат қазақстандықтарға интернеттегі “ақпаратты жою” құқығын беруді талап етті
- author «Ақ жол»
- 9 қыркүйек, 2015
- 310
Мәжіліс депутаты Тұрсынбек Өмірзақов Қазақстанда “ақпаратты жою” құқығын қолдайтын заң қабылдау мәселесін тағы да көтерді. Премьер-министрге бағытталған депутаттық ұсынысы барысында ол «Курицы Актобе» тобында орын алған қайғылы жағдайды еске салды.
Депутат ақпараттық қоғам дамыған кезеңінде жеке мәліметтерді сақтап, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығын алға тартты.
Оның ойынша, әлемдік тәжірибеде кеңінен тараған “ақапаратты жою құқығы” оң нәтижелер береді. Себебі бұл құқық азаматқа интернетте тарап кеткен жалған, ескірген, бұрмаланған немесе дәлелденбеген ақпаратты жойып, өз абыройын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
«Бүгінде тұлға физикалық қана болмай, виртуалдық кейіпке де енетініне байланысты “ақпаратты жою құқығы” маңызды заңдардың біріне айналмақ. Өткен жылы БАҚ-та 17 жастағы Ақтөбе тұрғынын әлеуметтік желі өлімге итермелегені туралы ақпарат жарияланды.«ВКонтакте» желісіндегі «Курицы Актобе» тобы жеткіншектің фотосын тіл тигізетін пікірлермен бірге жария еткен. Мемлекеттік қызметкерлер мен өзге танымал адамдардың атынан «жалған аккаунттар» ашу жағдайы да кездеседі. Мұндай жалған ақпараттар тұлғаның абыройына нұқсан келтіреді», – дейді Өмірзақов.
Депутат осыған орай заң қабылдау ұсынысын жасады.
«Осы жағдайларды негізге ала отырып, Қазақстанда “ақапаратты жою құқығын” енгізу мәселесін қарастыруды сұраймыз. Бұл құқық қылмыскерлер, жемқорлар, педофилдер үшін цензура құралына айналмауын қадағалап отырған жөн», – дейді депутат.
Өмірзақов бұл заңды Ресей ағымдағы жылдың шілдесінде қабылдап үлгергенін алға тартты.
Өзге депутаттар – Ахметбеков, Баймаханов, Кенжин, Косарев, Конуров және Сорокин ұсынымға өз қолдарын қойған.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді