Қытайлық жалған ханшайым адамдарды $380 мың алдағаны үшін 13,5 жылға бостандығынан айырылды
- author «Ақ жол»
- 9 қыркүйек, 2015
- 562
ҚХР Шэньси провинциясы Сиань қаласында өзін Цин әулетінің ханшайымы ретінде таныстырып, адамдарды алдау арқылы 2,3 млн. юаньды (380 мың доллар) қалтасына басқан әйел 13,5 жылға сотталды.
Бұл туралы «Синьхуа» хабарлады.
Хэнань провинциясының 49 жастағы фермері (тегі Ван) жапа шегушілерге өзін Цин (1644-1911) әулетінің ұрпағы Чанпин ханшайым ретінде таныстырған. 2013 жылдың ақпанынан 2014 жылдың шілдесіне дейін алаяқ оған сенген адамдардан қарызға ақша алған. Ол жапа шегушілерге бұл қаражатты құны 175 млрд. юаньды құрайтын «жанұясына тиесілі» бағалы заттарды алу үшін шенеуніктерге пара беру үшін алғандығын айтқан. Сондай-ақ ол қарызға алған ақшасын үш есе артық сомамен қайтаратынына сөз берген.
Оның сыбайласы 47 жастағы Сиань қаласының жұмыссыз тұрғыны 12 жылға бостандығынан айырылды. Тінту кезінде алаяқтардың үйінен жалған алтын құймалар, жалған доллар мен өздері жасаған қазына карталарын тапты. Бұл заттарды олар алданған адамдардың сеніміне кіру үшін көрсеткен.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




