«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қазақстанда жеке тұлғалар тікұшақ сатып алуды көбейткен

Қазақстанда жеке тұлғалар тікұшақ сатып алуды көбейткен
ашық дереккөз
Қазақстанда жеке тұлғалар тікұшақ сатып алуды көбейткен

20150227185053«Eurocopter Kazakhstan Еngineering» зауыты осы уақытқа дейін Қазақстанда екі жеке тұлғаға тікұшақ сатқан. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне компанияның өндіріс және клиенттерді қолдау жөніндегі директоры Сков Хольгер Альф мәлім етті.

«Біздің компаниямыздың негізгі миссиясы - Қазақстанда тікұшақ өндіру қызметін жүзеге асыру ғана емес, сондай-ақ тікұшақ жөндеу қызметтерін ұсыну, осы салаға мамандарды оқыту. Біздің тағы бір мақсатымыз - тікұшақ жөндеу қызметінің үлесін арттырып, білікті мамандардың санын арттыру. Сондай-ақ, тікұшақ ұшқыштарын оқыту да басым бағытымыздың бірі деп алдық. Себебі, болашақта тікұшақ жөндейтін мамандар мен ұшқыштардың саны тапшы болады деген болжам бар. Бұл ретте айта кетерлігі, қазір біз Қазақстанда кең қолданылатын «Еурокоптер-145» тікұшағын ғана емес, «130», «125» тікұшақтарды құрастырып, оларды жөндейтін мамандарды даярлап жатырмыз. Біз қазір Моңғолия, Түркіменстан, Қазақстан нарығында тікұшақ құрастырып, жөндей аламыз», - дейді ол.

Ал Қазақстанда келесі жылы неше тікұшақ құрастыру көзделуде деген сұраққа ол: «Бұл мәселе тапсырыс берушілерге байланысты, яғни, неше тікұшаққа тапсырыс түссе және тапсырыс түгелдей қаржыландырса, біз сонша көлемде құрастыра аламыз», - деп жауап берді.

«Былтыр жалпы 14 тікұшақ құрастырып сату жоспарланған еді, бірақ сегіз тікұшақты пайдалануға бердік. Бірақ, Қазақстан нарығындағы сұранысты толық қанағаттандырамыз десек, мұнай кен орындарына баратын, болмаса, адамдарды құтқарып, медициналық көмек көрсететін және осындай өзге де мақсатта шамамен 24 тікұшақ құрастыру керек. Баса айта кетерлігі, қазір жеке тұлғалардан түсетін тапсырыстар пайда болды. Мысалы, біз осы уақытқа дейін жеке тұлғаларға 2 тікұшақ саттық. Қазір тағы тапсырыс берушілермен келіссөздер жүргізіп жатырмыз», - деді С.Хольгер Альф.

Ұқсас жаңалықтар