Назарбаев “Қазатомөнеркәсіптің” активтерін жекеменшік қолға беруді тапсырды
- author «Ақ жол»
- 9 қыркүйек, 2015
- 729
Нұрсұлтан Назарбаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» басқармасының төрағасы Асқар Жұмағалиевпен кездесу өткізді.
К
ездесу барысында Асқар Жұмағалиев мемлекет басшына алдағы 10 жылға «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ негізгі мақсаттарын айқындайтын ұлттық атом компаниясын дамыту стратегиясы бекітілетінін баяндады.
Қазақстан президенті экономикалық көрсеткіштерді жақсарту мақсатында компаниялардың бейінді емес активтерін шығару қажеттілігін атап өтті.
«Тәуелсіздігіміздің бастапқы кезеңіндегідей шешімді түрде жекешелендіру жүргізуіміз қажет. Уран өндірісі тікелей ден қою қажет, сонымен қатар барлық қалған активтерді жекеменшік қолға беру керек», – деді Назарбаев.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы даму стратегиясының негізгі басымдықтарының ішінде – өндірісті әртараптандыру және ядролық-отын циклінің барлық буынын қамту, сондай-ақ компанияның, оның ішінде табысты кәсіпорындардың тиімділігін арттырып, трансформациялау бар екенін атап өтті.
Жұмағалиев стратегияны іске асыру «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құнын ұлғайтуға, оның әлемдік уран өндірісі нарығында көшбасшылық ұстанымын сақтауға мүмкіндік беретініне сенімділік білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша Назарбаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




