Келер жылдан бастап дәрілік препараттар ортақ нарықта сатылады
- author «Ақ жол»
- 9 қыркүйек, 2015
- 601
Кедендік одаққа мүше елдердің интеграциялық әріптестігі жаңа деңгейге көтерілді. Еуразиялық экономикалық одақтың үкіметаралық кеңесіне қатысқан Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев осындай мәлімдеме жасады.
Жиынның күн тәртібіне шығарылған мәселелерді талқыға салған тараптар келісім шеңберінде тіл табысуға тырысты. Экономикалық одақтың макро-экономикалық және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету барысында пікір алмасты. Өндірістік салалардың ынтымақтастығын арттыратын келісімдер жасалды. Кеңес мүшелері әлемдегі экономикалық ахуал салдарын әбден зерттеп, тығырықтан шығар жолды бірге іздеуге уағдаласты. Мәселен, Қырғызстан премьер-министрі ауылшаруашылық және азық-түлік тауарларын әзірлеу саласында қауымдастық құру бастамасын көтерді. Ал Арменияның үкімет басшысы одақ аумағындағы доллардың қолданысын азайтуды ұсынды. Жиын барысында белгілі болғаны келер жылдан бастап дәрілік препараттар ортақ нарықта сатылады.
Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Үкіметінің пайымынша, Еуразиялық экономикалық одақтың халықаралық ұйымдармен және өзге елдермен әріптестігі Атлант және Тынық мұхиты аралығындағы кеңістікті толық қамтуы тиіс. Бұл туралы біздің Президент Нұрсұлтан Әбішұлы мен өзге де елдердің көшбасшылары бірқатар бастама көтерді. Соның нәтижесінде бүгінгі келісімдер одақтың дамуы бағытында айтарлықтай орын алады деген сенімдемін.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




