Денсаулық
"Қазақ хандығының" түсірілім жұмыстары ресми түрде басталды
- author «Ақ жол»
- 8 қыркүйек, 2015
- 581
"Қазақ хандығының" түсірілім жұмыстары ресми түрде басталды
Рүстем Әбдірашевтың "Қазақ хандығы" ("Қазақ елі") көпсериялы тарихи телевизиялық жобасының түсірілім жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі кинолентаның продюсері Арман Әсеновке сілтеме жасап.
7 қыркүйекте Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының аумағында түсірілім жұмыстары ресми түрде басталды. Әсеновтің айтуынша, құрама түсірілімдер шілдеде басталып кеткен. "Дайындық кезеңінде де түсірілім жұмыстарын жүргіздік. Оған дейін актерлерді дайындау жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар топ қоныстағы түсірілім жұмыстарын жүргізді. Қазір актерлерді түсіру басталды", - деді продюсер.
Топ киіз үйлердегі түсірілім жұмыстарын аяқтағаннан кейін олар Жаркентке аттанады. Ол жерде сыртқы түсірілімдер жүргізіледі. Көп сериялы "Қазақ хандығы" фильмі Жәнібек пен Керей және олардың ұлдары Қасым мен Бұрындық кезеңіндегі қазақтардың өмірі жайлы болмақ.
Сонымен қатар, актерлік құрам да анықталды. Картинаға Еркебұлан Дайыров (Жәнібек), Қайрат Кемалов (Керей), Аян Өтепбергенов (Бұрындық), Досхан Жолжақсынов, Димаш Ахимов, Жанар Сахат (Әбілқайырдың әйелі), Шұғыла Сапарғалиқызы (Керейдің әйелі), Мадина Исманова (Жәнібектің әйелі) түседі. Фильмге қазақстандық әртістермен қатар Хакасия, Тува, Өзбекстан елінің актерлері де қатысады. Трюктерге белгілі каскадер Жайдарбек Күнғожиновтің командасы жауап береді.
ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




