Денсаулық
Қазақтың тазысы мен асыл тұқымды төбеттерінің көрмесі өтті (фото)
- author «Ақ жол»
- 7 қыркүйек, 2015
- 911
Қазақтың тазысы мен асыл тұқымды төбеттерінің көрмесі өтті (фото)
«Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылығы субьектілерінің республикалық қауымдастығы Ақмола облысының әкімдігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Жасыл Орда» ЖШС полиграфиясының қолдауымен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған қазақ тазысы мен асыл тұқымды қазақы төбеттердің бірінші республикалық көрмесін өткізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек Жолы ауылында болып өткен көрмеге Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, «Қансонар» республикалық қауымдастығының басқарма төрағасы Оралбай Әбдікәрімов және алыс-жақын шет елдердің елшілері мен Ресей, Әзербайжан, Қырғызстаннан арнайы келген қонақтар қатысты. Бірінші болып сөз алған О.Әбдікәрімов Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтың бекіткен стандартына сәйкес еліміздің барлық өңірінде қазақ тазысының байқауы өткенін тілге тиек етті. Оның айтуынша, сол байқаулардан іріктелген асыл тұқымды тазылар бүгінгі көрмеге қатысуда. «Осы шараны пайдалана отырып, ұлтымыздың байлығы – төбет пен тазыны бағалап, оларды жойылып кетуден сақтап отырған нағыз патриоттарға шексіз алғыс айтамыз. Бүгінгі буын мен келер ұрпақтың мақсаты – қазақы төбет пен тазыны бабалар аманаты ретінде аман сақтап қалу», – деді Оралбай Әбдікәрімұлы. Сонымен қатар, шара барысында қазақ тазысы мен асыл тұқымды төбеттердің күшігін алып, асыраймын деушілерге аукцион ұйымдастырылды. Сондай-ақ күшікті қалай күтіп-баптау керектігі жайлы нұсқаулар берілді. Республикалық көрмеге барлығы 75 тазы мен 19 төбет қатыстырылды.
Айдар Өрісбаев.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді






