Стивен Сигал леопардтың ұрғашысын Бөрте деп атады
Атақшы актер Стивен Сигал Владивостокта өткен экономикалық форумда қиыршығыстағы леопардтың бірін Шыңғысханның әйелінің есімімен атады. Бұл туралы Лента.ру хабарлады. Экономикалық форумда қиыршығыстағы леопардтардың тұқымын сақтап қалу мақсатында көрме ұйымдастырылды. Міне, сол шарада Сигал сирек кездесетін бұл тағылардың санын қалайда сақтап қалу қажеттігін айтты. Сондай-ақ, ол: «Мен леопардтарды сақтау үшін бар көмегімді аянып қалмаймын. Сонымен қатар, мына Leo 16F нөмірлі ұрғашы аңды Шыңғысханның әйелі Бөрте ханшайымның есімімен атайтын боламын», – деді. Ұлттық парктің директоры Татьяна Баранованың пікірінше, актердің осы бастамасы қиыршығыстағы леопардтарды сақтап қалуға үлкен көмек болатын көрінеді. «Біз Leo 16F Бөртенің тұқымы көп болады деп үміттенеміз. Өйткені, Шыңғысханның осымен аттас әйелінің 9 баласы болған» – деді парк директоры. Айта кетейік, Стивен Сигал аталған форум аясында жануарларды сақтап қалу үшін, оның ішінде Леопардтың сирек кездесетін түрін қорғау үшін жаңа жобаға мол қаржы бөлетінін мәлімдеді. Талғат Райымбек. Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




