Жаздың соңы, күз айларының басы - дала жұмыстарының ең бір қызған шағы. Шаруашылықтарда егін орағы, пішен дайындау, дақылдарды күтімдеу одан әрі жалғасуда. Жоңышқа елімізде ең көп өсірілетін малазықтық дақыл, малға өте жұғымды. Қазақстанда оның 18 түрі өседі. Жоңышқаға тойған мал жемге қарамайды, қоңын бермейді.
Жуырда Сарыкемер-Мырзатай бағытындағы диқандық тұрғын Марс Мұқашевтің жоңышқа алқабында болудың сәті түсті. Жер апшысын қуырған аптап ыстықта жол жағасындағы көк майса жоңышқалық кім-кімнің де болмасын көңілін өзіне аударары анық.
Аумағы 1,5 гектарды алып жатқан жоңышқалықта біз барған сәтте МТЗ-80 маркалы трактор көкмайса жоңышқаны пресстеп жүр екен. Қолындағы айырын қыса ұстаған Марс ағамыз бізді күлімсірей қарсы алды. Әңгіме барысында текшеленген жоңышқа бумасының бағасы 45 теңгеден, ал әрбір гектар жоңышқалықты ору бағасы 4000-4500 теңге көлемінде екендігін білдік.
Осы бір жарым гектар аумақтан 450 түк жоңышқа алдық. Ендігі бар үміт – жоңышқаны ысырапқа ұшыратпай, уақтылы жинап алу-дейді Марс ағамыз тершіген маңдайын сүртіп жатып.
М.Манекеев, Байзақ ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




