Назарбаев ғарышкерлерді өзі күтіп алады
Президент Нұрсұлтан Назарбаев алдағы 12 қыркүйекте «Союз ТМА – 16М» ғарыш кемесінің экипаж мүшелерімен кездеседі деп мәлімдеді ҚазҒарыш агенттігі.
Ғарышқа 2 қыркүйек күні аттанған «Союз ТМА – 16М» кемесі 12 қыркүйек күні Астана уақытымен 06 сағат 48 минут шамасында Қарағанды облысының Жезқазған аймағына қонады деп жоспарланған.
Экипаж мүшелері Астанаға 12 қыркүйек күні сағат 10.25 шамасында келеді деп күтілуде. Оларды әуежайда Президент Нұрсұлтан Назарбаев күтіп алады.
Айта өтейік, экипаж мүшелерінің құрамында қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов пен Дания астронавты Андреас Могенсен, сондай-ақ ресейлік ғарышкер Геннадий Падалки бар.
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




