Мемлекет басшысы фуа-гра мен Ленд Крузерлерден бас тартуды ұсынды
- author «Ақ жол»
- 7 қыркүйек, 2015
- 858
Қазақстан Президенті фуа гра мен Ленд Крузерлерден бас тартуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақмола облысынан. Мұнда Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен келді.
Нұрсұлтан Назарбаев елдің ауыл шаруашылығының жетекші өндірушілерімен кездесіп, олардың республиканың басты асыраушысы екенін атап өтті. "Ең бастысы дастарханымызда ас бар. Тіпті ішетін сусынымыз да бар. Киеріміз де, баспанамыз да бар, сол үйлерді жылытатын отынымыз да бар. Ең басты, ең қажеттінің барлығы бар", - деді Президент. Оның айтуынша, мұның барлығы елге тыныш өмір сүруге, жұмыс істеуге және еңбектенуге мүмкіндік беретінін айтты.
"Ал қалғандарынан, мәселен батыстың киімінен бас тартып та өмір сүруге болады. Рас па? Фуа-грасыз, банансыз, бізге зиян заттарсыз", - деді Мемлекет басшысы әзілдеп. "Ең үздік дейтін, Ленд Крузерсіз де өмір сүруге болады. Оларсыз да өмір сүруге болады. Елімізде өмір сүруге қажеттінің барлығы бар", - деді Президент.
Бүгін Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы кәсіпорнының егістігінде үш облыстың әкімімен кеңейтілген отырыс өткізді: Ақмола (Сергей Кулагин), Қостанай (Нұралы Сәдуақасов) және Солтүстік Қазақстан облыстары (Ерік Сұлтанов).
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




