Қазақстан Президенті бензин бағасының көтерілуіне қатысты пікірін айтты
- author «Ақ жол»
- 7 қыркүйек, 2015
- 620
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жұмыс сапары барысында БАҚ өкілдеріне бензин бағасының көтерілуіне қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
"АИ-92-95 бензинінің 30 пайызын біз Ресейден сатып аламыз. Егер біз олай істемегенде (ҚР үкіметінің бензин бағасын реттеуден бас тартуы - Авт.), бізде бір айдан кейін бензин мүлде болмайтын еді", - деді Мемлекет басшысы.
"Бұл экономика заңдары, оған ештеңе істей алмайсың, теңестіру қажет (жағдайды), ал біз ортақ (экономикалық) кеңістіктеміз: кеден жоқ, шекара ашық. Сондықтан шара қолданып, барлығына түсіністікпен қарауға тура келеді. Егер адам 100 мың долларға жол талғамайтын көлік сатып ала алса, онда жанармайды да дұрыс құйсын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Айта кетейік, Қазақстанда бензин бағасын реттеуден бас тартылды. Үкіметтің мұндай шешімі өткен аптада жарияланды. Астанада өткен брифингте премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев үкіметтің жанар-жағармай нарығындағы тапшылықтың алдын алу мақсатында АИ-92 маркалы бензиннің бағасын мемлекеттік реттеу саласынан шығару бойынша шешім қабылдағанын мәлімдеді.
Сонымен қатар, ҚР энергетика министрі Владимир Школьник Қазақстанда АИ-92/93 маркалы бензин бағасының 140-150 теңгеге жетуі мүмкін екенін хабарлады. Толығырақ: http://kaz.tengrinews.kz/naryk/kazakstan-prezident-benzin-bagasyinyin-koterlune-katyistyi-264664/ материалды қалай болсын қолдану тек қана Tengrinews.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




