Ауызбіршілігімізден айнымайық
Сергей Кислов, Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық хатшылығының бас маманы. Жолдың бұралаң болмауы мүмкін емес. Тауға бастаған соқпақтың бір жарға барып тірелері анық. Алайда, ол адамның діттеген жеріне жетуіне кедергі бола алмайды. Қалай да мақсатқа жетудің жолын іздейді. Жалпы, қоғамдық құрылыс та солай. Үнемі кедергісіз алға жылжи бермейді. Қоғамның дамуына саяси, экономикалық қиындықтардың кесекөлденең тұруы – өмір заңдылығы. Әлем елдері мұндай тоқыраулардың сан түрін бастан кешірді. Және соның бәрінен жол тауып шығып келеді.
Қиындық атаулы уақытша құбылыс. Тек дер кезінде одан шығар жолды таңдай білу керек. Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасу, даму кезеңдерінде кездескен қиындықтардан елімізді аман алып шыққан Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық бағдарламалары болды. Ұлт Көшбасшысы алдағы әлемдегі экономикалық жағдайды алдын ала болжап, қауіп-қатерге қарсы жоспар түзеді. Бұл жолы да қысылтаяңнан шығудың жолын Мемлекет басшысының өзі нұсқады.
Жалпы, Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын қазіргі қиындықтардан шығудың нақты бағдарламасы деуге де болады. Олай дейтінім, әлем экономикасы тығырыққа тірелген тұста Президент еліміздің алға қарай даму жолын ұсынып отыр. Ұлт жоспарының «Индустрияландыру және экономикалық өсім» деп аталатын үшінші бағытында көзделген қадамдарды мұқият зерделесеңіз, қазіргі тоқыраудан шығудың жолын көресіз.
Қазіргі қалыптасқан ахуалды жақсартудың бір жолы – ауыл шаруашылығы саласын дамыту. Дағдарысқа қарсы күрестің ең тиімді шарасы осы. Мұны Ұлт жоспарында Елбасы ел экономикасына серпін беретін қадамдардың қатарына қосқан. Мәселен, сүт және сүт өнімдері өндірісін дамыту, ет экспортын арттыру – отандық кәсіпкерлердің тынысын ашатын бағыттар.
Бүгінде облысымызда көптеген этномәдени орталықтар бар. Өзге ұлт өкілдерінен құрылған қоғамдық бірлестіктердің жұмысын бір арнаға Қазақстан халқы Ассамблеясы тоғыстыруда. Олар өз ұлтының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын жаңғыртып, ел бірлігін сақтау жолында еңбек етуде. Орталарында өз ісін ашып, кәсіпкерлікпен айналысып жүргендер де бар. Қазіргідей қиын-қыстау кезеңде қоғамдық бірлестіктердің де иығына зор жауапкершілік артылуда. Ол – осындай кезеңде ауызбіршіліктен айнымай, тұтастығымызды сақтау.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді