Мемлекет басшысы баспасөздің сот жүйесіндегі рөлі жайлы судьялардың VІ съезінде «Бұқаралық ақпарат құралдарының күш-жігері арқылы қоғамда сот билігіне жағымды және ілтипатты көзқарас қалыптастыру керек» деген еді. Яғни, судьялардың бір тарапқа жасаған жақсылығын ғана емес, қандай және кімге қатысты істі қарауда болсын тек заң талаптарына сай әділ шешім шығару үрдісін қамтамасыз етуде ақиқатты арқау ету қажеттігін басты назарға алды.
Байзақ аудандық судьялары Елбасы жүктеген міндеттерді абыроймен атқару үшін ізденіс үстінде жемісті еңбектеніп келеді. Оны аудан тұрғындарының соттарға деген сенімі ұлғайғандығынан байқауға болады. Біздің кейіпкеріміз Самат Жидебайұлы Өмірәлиев аудандық сотта табан аудармай он жеті жылдан бері судья болып келе жатыр. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында аудандық сотта 491 іс қаралса, оның 170-сі Самат Жидебайұлының қолынан өтіпті. Тәжірибелі судьяның шығарған үкімдері кері қайтарылып, қайта тергеуге жіберілген кезі болған емес. Оған азаматтың кәсіби біліктілігі мен осы уақытқа дейін өмір жолында алған асулары себеп болса керек. Сонау Мойынқұм ауданы Бірлік ауылының тумасы он жылдық мектепті бітірген соң, Алматыдағы жоғары милиция мектебін аяқтаған. Қызмет бабында учаскелік инспектордан бастап милиция майоры шенінде аудандағы есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің бастығына дейін көтерілген. Құқық қорғау органдарында тәжірибе жинақтап талай сатыдан өткен соң ғана әділ сөзді өзінің айтуы керектігіне тоқталып судья болуға өтініш білдірген. Сөйтіп 1998 жылдан бері осы аудандық сотта судья лауазымында еңбек етіп келеді. Білім мен білікті қос қанатына айналдырған ол қазіргі таңдағы құқықтық реформалардан да дер кезінде хабардар болып отыруды ұмытпайды. Республика Президенті жанындағы Заң академиясында екі рет білімін де көтеріп қайтқан. Қара қылды қақ жарған әділ жан қоғамдағы мәселелерді аудандық басылым арқылы да көтеріп, жұртшылықтың назарын аударып отырады.
Есіркеп СЕРІКБАЙҰЛЫ.
Байзақ ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді