Шетелде «қызға қырындады» деп айыпталған отандасымыз үнділер өзінен өш ала ма деп қорқады
- author «Ақ жол»
- 7 қыркүйек, 2015
- 295
Үндінің алты қызына қол жүгіртті деп айыпталған отандасымыз олар енді өзінен өш ала ма деп қорқады. 63 жастағы Станислав Лапидусқа тағылған айып жала деп танылса да, бапкердің бойында үрей бар.
Ол енді Үндістанда жұмыс істеу мүмкін емес дейді. Бірақ әзірге елге оралатын ойы жоқ деп хабарлайды КТК арнасы.
Лапидустың айтуынша, дауды бастаған 45 жастағы Анжали Бхагват одан кек алу үшін 30-дан аса спортшыға өтініш айтыпты. Бұған соның бесеуі ғана келіссе керек. Жалпы, жаттықтырушы мен Анжалидің арасына ала мысық жүгірткен дау сәуір айында басталыпты. Үнді спортшысы бірнеше мәрте халықаралық жарысқа барудан бас тартқан. Ал Лапидусқа оның бұл әрекеті ұнамай, мылтық атушылар құрамасынан шығаруды сұрайды.
Содан бері спортшы әйел бапкерге өшігіп алған екен. Қазір оқиғаға қатысты түрлі пікірлер айтылып, шу әлі басылмай тұр. Дегенмен, арадағы дау сотқа жетпеген. Сұрмергендерді тәрбиелеумен айналысатын отандасымыздың өзі қазір Үндістандағы ең озық жаттықтырушы.
“Мен мылтық ату федерациясының президентіне Анжалиді құрамадан шығаруын сұрап өтініш жазғаннан кейін, ол спортшылар арасында «Бұл жаттықтырушыны Үндістаннан қалайда кетіремін» деп мәлімдепті. Арамыздағы дау осыдан басталды. Ал, маған жала жауып жазған хатқа қол сұрап отыздан астам спортшыға барған”, – дейді бапкер.
Ұқсас жаңалықтар
Медицина саласы серпінді дамуда
- 14 қаңтар, 2025
Метапневмовирус қаншалықты қауіпті, облыстағы жағдай қандай?
- 14 қаңтар, 2025
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді