Таразда археологтар алтын бұйымдар сақталған көне көмбені тапты
- author «Ақ жол»
- 4 қыркүйек, 2015
- 875
Көне қаладан көмбе табылды. Таразда археологтар бұрынғы базар орнынан әйелдің әшекей бұйымдары салынған құмыра мен басқа да бағалы заттар тапты,-деп жазады khabar.kz. Ескі шаһар орнында қазба жұмыстары екі жыл бұрын жүргізіле бастаған. «ҚазАрхеология» ғылыми орталығының қызметкерлері орта ғасырдағы қаладан күні бүгінге дейін қолданыста болған ою-өрнектер мен дәйекті деректер табылып жатқанын айтады. «Ал алтын бұйымдардан көшпенділердің қолтаңбасын тайға таңба басқандай анықтауға болады», - дейді. Құнды жәдігерлер зерттеліп, тексерілген соң «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық мұражайына сақтауға беріледі. Бұл ғылыми табыстар Қазақ хандығының 550 жылдығына орай көпшілік назарына ұсынылмақшы. Орынбай Ошанов, «ҚазАрхеология» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкері -Сол жерде тағы күміс табақ сияқты бұйым табылған. Оюларды қарасаңыз, өзіміздің қошқармүйіз сияқты оюлар. Яғни мына қала ежелден келе жатқан көшпенділердің қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




