АҚШ юаньнің құнсыздануы үшін Қытайды жауапқа тартпақ
АҚШ юаньнің құнсыздануы үшін Қытайды жауапқа тартпақ деп мәлімдеді АҚШ Қаржы министрі Джек Лью CNBC телеарнасына берген сұхбатында.
Ол Қытайдың өз валюта курсын басқаруы АҚШ-ты алаңдататынын жеткізді. Аспан асты елі, нарық күші – юаньді тек құлдыратуға емес, көтеруге де дайын болуы керек дейді АҚШ Қаржы министрі.
«Ұлттық валюта курсының бағамын өзгертуде тек экономикалық қана емес, саяси астар да бар. Егер Қытай алған бағытын жасыратын болса, онда АҚШ елді жауапқа тартатын болады», – дейді Джек Лью.
Әзірге Қытай тарабы қандай да бір ресми жауап қатпады. Әдетте аспан асты елі америкалық әріптестерін елдің ішкі экономикасына араласпауын сұрайды.
Сарапшылар Джек Льюдің бұл пікірі Бейжің мен Вашингтон арасын ажыратуы да мүмкін дегенге саяды.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




