Құмар ойынға құныққан Алматы тұрғыны Қапшағайдағы казиноның біріне әйелін тігіп жіберді
- author «Ақ жол»
- 4 қыркүйек, 2015
- 635
Жаға ұстатар жайт былтыр Қапшағай қаласында болған. Рүстем (аты-жөні өзгертілді – ред.) мұнай компаниясында жұмыс жасап жүріп, әрбір демалысын “қазақстандық Лас-Вегаста” өткізіпті.
Ол жарына соңғы уақытта табысын үйге әкелмейтіндігін, «көлігімді соғып алдым, соның жөндеуіне бердім» дегенімен түсіндірген. Артынша орта бағалы машинасы да жоғалып кеткен. Осылайша ойынға құмартқан үш баланың әкесі жұмыссыз қалса да, құмар ойыннан шыға алмапты.
Жары мен туыстары Рүстемнің казиноға әбден қарызға батқанын, кеш құрым үйге басып кірген бір топ еңгезердей жігіттерден білген. Казиноға тігерге түгі қалмаған ойынқұмар ұтыстың соңына дейін барып, тіпті әйелін де бәске қойған. Алайда казино қызметкерлері кепілге келіншекті емес, Рүстемнің өзін ұстаған.
Олардың сөзінше, Рүстемнің қарызы жүз мың долларға жеткен. Бір ай бойы отбасыға қоқан-лоқы жасаған казиношылар ақыр соңында олардың Атакент аумағындағы жалғыз баспаналарын өз аттарына аударып тынған.
Ал, отағасы болса осыдан соң түзу жолға түсудің орнына, талай адамды алдап жұмысқа тұрғызып беремін деп қомақты ақша жиып, оны да казиноға салған. Артынан өтірігі ашылып, алаяқтық фактісі бойынша бес жылға сотталып кеткен.
Казиноның арқасында не үйсіз, не күйеусіз қалған келіншек үш баласын жетектеп, Талдықорғандағы төркіне көшіп кетіпті.
Ұқсас жаңалықтар
Қызылшамен сырқаттану деңгейі 1,4 есеге азайды
- 20 қаңтар, 2026
Халықтың саулығы бәрінен маңызды
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




