Бокс: Азия чемпионатының жартылай финалына алты қазақстандық шықты
- author «Ақ жол»
- 4 қыркүйек, 2015
- 767
Бокстан Азия чемпионаты ширек финал кезеңінің екінші күннің бағдарламасында шаршы алаңға шыққан бес қазақстандық боксшының төртеуі жартылай финал жолдамасына ие болды. Бесіншісі - Закир Сафиуллин (60 келі) кешкі бағдарламада шығады.
Алғашқы болып бүгін өнер көрсеткен Олжас Сәттібаев түркменстандық Зарип Джумаевті 3:0 есебімен жеңіп, жартылай финалда енді Азат Үсеналиевке (Қырғызстан) қарсы шығады.
Қазақстан құрама командасының капитаны Данияр Елеусінов қытайлық Лю Вейге қарсы ширек финалды ойдағыдай өткізді. Енді жартылай финалда моңғол боксшысы Тушинбат Бямбынмен кездеседі.
Сирия өкілі Алаа Госсоунды 3:0 есебiмен жеңген Әділбек Ниязымбетов те жартылай финалға шықты.
Сары құрлық біріншілігінде алғашқы кездесуді Иван Дычко да өз пайдасына аяқтап, өзбек спортшысы Баходыр Джалоловты жеңді.
Осылайша жартылай финалға келесі боксшыларымыз шықты - Олжас Сәттібаев (52 келі), Қайрат Ералиев (56 келі), Данияр Елеусінов (69 келі), Әділбек Ниязымбетов (81 келі), Василий Левит (91 келі) және Иван Дычко (+91 келі).
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




