«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қазақстан азаматтарына Вьетнам агенттіктері “кепілдігі бар қалыңдық” ұсынуда

Қазақстан азаматтарына Вьетнам агенттіктері “кепілдігі бар қалыңдық” ұсынуда
ашық дереккөз
Қазақстан азаматтарына Вьетнам агенттіктері “кепілдігі бар қалыңдық” ұсынуда

pogudx6q7ck6hj8l6.3f3bd742Вьетнамдық халықаралық неке агенттігі Қазақстан азаматтарына оғаш қызмет түрін ұсынды: 6000 долларға бір жылдық кепілдігі бар қалыңдық алу.

Вьетнамдық қалыңдықтарды жарнамалайтын постер Қазнетте танымалдыққа ие болған. Сайгондағы неке агенттігі расымен де қалыңдықтарын саудаға салған екен. Жеңгетайлар бір жыл ішінде қалыңдық қашып кететін болса, өзге қалыңдықты тегін тауып беретіндеріне сендіруде.

Негізінен, вьетнамдық неке бизнесі жақсы дамыған. Бұл елдің қалыңдықтары қытайлықтар мен корейліктер арасында жоғары сұранысқа ие. Себебі Вьетнам арулары көнгіш әрі тәрбиелі болуымен танымал. Бұл артықшылық жеңгетайлардың пікірінше, қазақстандықтардың да қызығушылығын тудыруы тиіс.

“Вьетнам әйелдері өте тәрбиелі келеді. 99%-ы некеге дейін пәктігін сақтайды. Ал олардың көнгіштігі туралы аңыздар тарап кеткен. Мәселен түскі ас кезінде вьетнам аруы отағасы тамақ ішуді бастамаса, өзі де тамақты аузына алмайды. Олар айқай-шу шығармайтын, күйеуін құдайдай көретін болғандықтан Вьтенамда мүлдем дерлік ажырасу жағдайы кездеспейді. Олардың нәзік келуі де талайдың көңілінен шыққан”, – дейді астаналық этнограф Руслан Галсутдинов.

Оның айтуынша, жыл сайын шетелдік күйеу жігіттер 200 мыңға жуық вьетнамдық қалыңдықты өздерімен алып кетеді.

“Ал Қазнеттегі постер жарнамасына келсек, бұл жергілікті неке агенттіктерінің өз клиенттер базасын кеңейту амалы. Айта кетерлігі, бұл 6000 долларға Вьетнамда неке тойын ұйымдастыру қызметі де кіреді. Себебі ол жерде той әрі кетсе 500 долларға айналады. Мен бұл елге соңғы рет келгенде жергілікті бойжеткендердің біріне үйленуге шақ қалған болатынмын. Мен тіпті 40 жасқа дейін үйленбесем, міндетті түрде вьетнамдық әйелді аламын деп өзіме сөз бергенмін”, – деп ағынан жарылды этнограф.

Ұқсас жаңалықтар