Денсаулық
Бортында жерлесіміз бар ғарыш кемесі жапон зымыранының қалдықтарымен соқтығыса жаздады
- author «Ақ жол»
- 4 қыркүйек, 2015
- 544
Бортында жерлесіміз бар ғарыш кемесі жапон зымыранының қалдықтарымен соқтығыса жаздады
Бортында жерлесіміз бар «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесі жапон зымыранынан қалған бөлікті айналып өтті.
Бұл туралы «Роскосмос» агенттігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. «Союз» кемесінің ғарыш кеңістігіндегі зымыран қалдығымен соқтығыспау жөніндегі шараларды Ресей және АҚШ-тың ұшуды басқару орталығының мамандары бірігіп жүзеге асырды.
1989 жылы ұшырылған жапондық зымыранның қалдығын айналып өткен «Союз» кемесі Халықаралық ғарыш стансасына сапарын ойдағыдай жалғастыруда.
Естеріңізге салып өтейік, қазақтың үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов, ресейлік Сергей Волков және даниялық Андреас Могенсен мінген зымыран «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 2 қыркүйекте ұшқан болатын.
«Союз» ғарыш кемесі 4 қыркүйек күні Халықаралық ғарыш стансасына жетуді жоспарлап отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




