Халық банкінің басшысы ортақ валютаға қарсылығын білдірді
- author «Ақ жол»
- 3 қыркүйек, 2015
- 832
Валюталық тәуелсіздікті жоғалту саяси еркіндіктің жоғалуына әкеліп соқтырады деген пікірімен бөлісті “Қазақстан xалық банкінің” басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова.
«Мен бұған (ЕАЭО елдеріне ортақ валюта енгізуге – ҚазТАГ) негативті көзқараспен қараймын. Мен ЕАЭО бойынша серіктестеріміздің бұл достастыққа сай емес болуы мүмкін қадамы (ТМД-да доллар мен еуродан бас тартуға ниеттілігін – ҚазТАГ) алдымен ортақ талқыға салынып, ортақ қағидаттар енгізілуі тиіс деп ойлаймын. Біз мұндай экономикалық, валюталық тәуелсіздікті жоғалту одан әрі саси тәуелсіздікке (жоғалтуға – ҚазТАГ) әкеледі деп түсінеміз», – дейді Шаяхметова баспасөз конференциясында.
Оның ойынша, бүгінде Қазақстан валюталық одақ аясында бірігуге дайын емес.
«Біз алтындық-валюталық қорлары, салықтық, қаржылық саясаты әр түрлі елдердің бірігуі кезінде көптеген сауалдар мен мәселелер туындайтынын көріп отырмыз. Алдымен осындай мәселелер шешімін тауып алуы тиіс. Содан кейін ғана ортақ валютаға қатысты реформалар жүргізуге болады. Сондықтан бұл тұрғыда Қазақстан өз мүддесін қорғауы тиіс деп ойлаймын», – дейді Шаяхметова.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




